ОҚО-да экстремизмді насихаттайтын материалдарды таратты деген күдікпен 8 адам ұсталды. Бұл туралы ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы хабарлады.
"Бүгін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ОҚО ІІД және ОҚО бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, бірқатар облыс аудандарында экстремистік идеология туралы аудио және бейнежазбаларды таратқаны үшін 8 азамат ұсталды" делінген хабарламада.
ОҚО ІІД-де ҚР ҚК –нің «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Департаменттің Тергеу басқармасымен барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.