Оңтүстік Қазақстан облысында бетперде киген белгісіз біреулер 700 мың теңге ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
Басылымның мәліметінше, 2017 жылдың қарашасында ОҚО Қазығұрт аудандық ІІБ-не белгісіз біреулердің фирмалардың біріндегі көлікке шабуыл жасағаны жайлы хабар келген.
Оқиға орнына барған полицейлер бетперде киген бірнеше ер адамның көлікті тоқтатып, фирма қызметкерін күштеп ұстап, қорқытып, 700 мың теңгесін алып кеткенін анықтады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында төрт күдікті ұсталды. Олар - ОҚО тұрғындары, жастары 20-30-да. Бесінші күдіктіге іздеу жарияланды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін іс материалдары сотқа жолданды.