ОҚО ІІД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.
"ҰҚКД жедел-тергеу тобының Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен арнайы өндіріс жүргізуі барысында 10 сәуірде Ауғанстан тумаларының Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы үшін қолғабыс етуіне 3 500 (жалған ақша) ақша алу сәтінде облыстық ІІД-нің Көші-қон басқармасының басшысы Н.Төлегенұлы ұсталды", - деп хабарлады Сәдубаев.
Ұсталған шенді Шымкент қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалып, қазір тергеу жүріп жатыр.