"ӨКМ Операторы" ЖШС-ның шотына салынған шектеулер алынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл туралы Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов Twitter-дегі парақшасында жазды.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп қабылданған шаралармен "Оператор РОП" ЖШС-ның 198 миллиард теңгесi бар шотынан бұрын салынған шектеулер алынды. Үкімет одан 100 миллиардты жеңілдетілген автонесие алуға, қалған қаржыны басқа әлеуметтік жобаларға жолдады", - деп жазды Берік Асылов.