Фото: Polisia.kz
ҚР ІІМ Интерпол ҰҚО-ның сұрау салуы бойынша Түркия Республикасының аумағында Маңғыстау облысының полиция департаменті тұтқындау және экстрадициялау мақсатында халықаралық іздестіруге жариялаған 32 жастағы қазақстандық анықталып, ұсталды, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
"Ол облыс тұрғындарын қаржы пирамидасына тартқаны үшін іздестірілді және “Oceans Enterprise” компаниясының атынан әрекет ететін алаяқтық топтың ұйымдастырушыларының бірі болды.
Алаяқтар әлеуметтік желілерде салымшыларды тарту үшін Smart Trade Сoin деп аталатын криптовалютаны сатып алу арқылы жылдам ақша табу мүмкіндігі туралы ақпаратты таратумен айналысты.
Сотқа дейінгі тергеу барысында 60-тан астам жәбірленушіден өтініш түсті. Алданған азаматтарға келтірілген шығын көлемі – 212 млн теңге" - делінген хабарламада.
ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, Қазақстанның Түркиядағы елшілігімен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, ол Астана қаласында жеткізіліп, қамауға алынды.