Алматы облысында Елбасының тапсырмасын және ел Президентінің Жолдауындағы міндеттерін орындай отырып, экономикалық өсімге қол жеткізу мен халықтың әл-ауқатын арттыру үшін барлық қажетті шаралар қабылданған. Соның нәтижесінде 2019 жылдың қорытындысы бойынша облыстың жалпы өңірлік өнімі 4,5 пайызға өсіп, үш триллион теңгеден асты. 48 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның 31 мыңы - тұрақты жұмыс орындары.
Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бүгін Талдықорғанда өткен ел алдындағы есеп беру жиынында айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Мемлекеттік бюджетке түсімдер 509 млрд. теңгеден асты, оның ішінде тек өзіндік кірістер 226 млрд. теңгені құрады. 2020 жылғы облыс бюджеті 586 млрд.теңгені құрап, оның ішінде меншікті кіріс 252 млрд. теңгеге жеткен. Облыста инженерлік инфрақұрылымдармен қамту ісіне жергілікті бюджеттің 75 %-і жұмсалып отыр. Мәселен, жол жөндеуге – 40 млрд. теңге, су жүйелеріне – 10,5 млрд. теңге, газдандыруға – 3,2 млрд. теңге, тұрғын үйлерді инженерлік желілермен қамтуға – 32,6 млрд. теңге, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына, соның ішінде жылу, электр жүйелерімен қамту, абаттандыру мен жарықтандыру жұмыстарына жалпы көлемі 12 млрд. теңге қарастырылып отыр. Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруда бұл мәселелерді шешудің маңызы зор», - деп атап өтті А. Баталов.