14 нау, 2020 сағат 16:44

Облыс аумағында коронавирустың келуі мен таралуына жол бермеуге қатысты қаулы қабылданды

Елімізде коронавирус инфекциясының лабораториялық дәлелденген жағдайының тіркелуіне байланысты оның облыс аумағына келуі мен таралуына жол бермеу мақсатында Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов «Алматы облысында коронавирус инфекциясының келуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күйшейту туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл қаулы тиісті заңнамаларға және ҚР Денсаулық сақтау министрі мен Алматы облысының әкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы анықталған және таралған жағдайда әрекет ету алгоритміне» сәйкес қабылданды.

Қаулыда «Қорғас» ХШЫО жұмысын 15 наурыздан бастап тоқтату және «Қорғас» ШХЫО-ның облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ерекше өкімі шыққанға дейін жабық болатыны туралы айтылған. Сол сияқты қаулыға сәйкес барлық өндірістік ғимараттарда санитарлық-дезинфекциялық күшейтілген режим жүргізіледі. Азаматтар жаппай және ұзақ мерзім болатын ғимараттарда қол жууға арналған дезинфекциялаушы құралы бар жабдықтар (санитайзерлер) орнатылуы тиіс.