Нұрсұлтан Назарбаев пауэрлифтингтен спорт шебері, альпинист Мария Әуезовамен кездесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында Мария Әуезова асыл арманы – бионика протездерін алу жолында көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы үшін Елбасына алғыс білдірді.
Өз кезегінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті спортшының мүмкіндігі шектеулі екеніне қарамастан Эвересті бағындыруға бел буған табандылығы мен өжеттігін атап өтті.
– Кезінде мен де Абай шыңын бағындырдым. Бұл қаншалықты қиын екенін жақсы білемін. Сізге жарайсыз демекпін. Мұндай дүниелер адамдарға шабыт беріп, қанаттандыра түсері сөзсіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кеткен жөн, 2021 жылғы сәуір айында Мария Әуезова альпинистер командасымен бірге Эверест базалық лагеріне (5364 метр) және Кала-Патхар тауына (5640 метр) шықты. Елбасы Эвересті екі аяғының жоқтығына қарамастан бағындырған альпинистің ерлігіне тәнті болып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-сессиясында оған протез алуға көмектесуге уәде берген болатын.
Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен М.Әуезоваға бионикалық протез алынды және ол мамандардың бақылауымен бейімделу курсынан өтті.