31 қаз, 2018 сағат 10:37

Нұротандықтар балаларға қуаныш сыйлады

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы «Жүрек нұры» қорының өкілдерімен бірлесіп, «Балаларға көңіл сыйла» атты қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Соның аясында партия өкілдері облыстық балалар ауруханасында емделіп жатқан науқас балаларды қуанышқа бөледі.

Жеке кәсіпкер, партия белсендісі Қайрат Сүлейменовтің айтуынша, бұл шараның басты мақсаты – балаларға қуаныш пен үміт сыйлау.

– Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Бұл игі шараны өткізе отырып, біз мейірімділік пен өзара риясыз көмек жасауды дәріптейміз. Балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлықтың артуына үлес қосамыз, – дейді атымтай жомарт.

Облыстық балалар ауруханасында емделіп жатқан Айбол Әлтековтің ата-анасы баласының қуанышын көріп, нұротандықтарға ризашылығын білдірді.

– Баламыздың сауығып кетуіне тек дәрігерлер ғана емес, сіздер де атсалысып отырсыздар. Балаларымыздың көз жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытуға келгендеріңізге үлкен рахмет, – дейді ата-аналар.