Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.
Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.
Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.
1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
2008-2013 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.
2013-2021 жылдары Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.
2021 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған.