Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Құмар Ақсақаловтың өкiмiмен Нұрлан Маратұлы Кеңесов Тимирязев ауданының әкiмi болып тағайындалды.
Нұрлан Маратұлы 1983 жылы Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетiн менеджмент және көлiк басқару, ұйымдастыру инженерi мамандығы бойынша тәмамдады. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Imperial College London университетiнде бiлiм алды. ҚР Президентi жанындағы мемлекеттiк басқару Академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Қарағанды облысындағы инженерлiк-техникалық орталықтың инженерi болып бастады. Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң сарапшысы қызметiнен стратегиялық жоспарлау департаментi директорының орынбасары лауазымына дейiн өстi.
Әр жылдары «Нұр Отан» орталық аппаратының инновациялық комитетi төрағасының орынбасары, Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппараты басшысының орынбасары қызметтерiн атқарды.
2016 жылдан осы күнге дейiн ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгiнiң Стратегиялық жоспарлау департаментiнiң директоры болып жұмыс iстедi.