28 қаң, 2020 сағат 11:55

Нұр-Сұлтаннан сыртқа шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қорғалжын, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды мен Рождественский бағытындағы барлық жолдар жабылды, – деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.

Елордалық полиция қызметі күшейтілген режімінде жұмыстың қызмет атқарып келеді. Қиын жағдайға тап болған тұрғындарға көмек көрсету үшін жеке құрам толығымен қызметке кіріскен. Бұдан бұрын хабарланғандай, қолға алынған шаралардың арқасында екі күннің ішінде 64 адам құтқарылған. Оның үшеуі - босанған әйелдер. Түні бойы құқық қорғаушылар жолда қар құрсауында қалған көліктерді шығарумен болды.

Мәселен, солтүстік айналма жолда Петропавлға бара жатқан жолаушылар автобусы қарға батып қалған. Онда Ресейге жол жүріп бара жатқан 53 жолаушы – Өзбекстан Республикасының азаматтары болған. Полиция автопатрулінің көмегімен батып қалған автобус қардан шығарылып, жолаушылар қонақ үйге орналастырылды.

Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жалғасуда. Полиция қызметкерлері тұрғындарды жолға шығу жоспарын кейінге қалдырып, жолдың ашық немесе жабық екенін алдын ала қадағалап отыруға шақырады.