06 қар, 2019 сағат 15:32

Нұр-Сұлтанды қардан тазартуға 564 техника жұмылдырылды

Елорданың барлық ауданын қардан тазарту, көктайғақтың алдын алу үшін құм-тұз қоспасын себу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған барлығы 564 техника мен 1800-ден астам адам жұмылдырылды, деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында.

Бүгін, яғни 6 қараша күні қаланы санитарлық тазалауға 564 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, оның ішінде 163-і күшейтілген режімге көшуге әзір отыр.

Қала аудандарындағы көрсеткіш мынадай:

Алматы ауданы – 129 техника мен 430 жол жұмысшысы. Оның ішінде «күту режіміне» көшуге 14 техника дайын отыр. Байқоңыр ауданы – 90 пен 360 жол жұмысшысы. Оның ішінде «күту режімінде» арнайы 30 машина дайын отыр.

Есіл ауданы – 187 техника мен 543 жол жұмысшысы. Оның ішінде «күту режімінде» арнайы 78 бірлік машина бар.

Сарыарқа ауданы – 158 техника мен 491 жол жұмысшысы. Оның ішінде «күту режимінде» арнайы 41 техника бар.

Айта кету керек, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша, соның ішінде қар тазалау бойынша тәулік бойы iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына 109 нөміріне қоңырау шалып хабарласуға болады.

Сондай-ақ, өтінішті немесе шағымды әкімдіктің ресми сайтына да, www.astana.gov.kz, Telegram чат https://t.me/nursultanikomek109_bot iKOMEK109 мобильдік қосымшасында, сондай-ақ +7-747-109-0-109 нөмірі бойынша Whatsapp ikomek109 чат-ботында қалдыруға болады.