Фото: instagram.com/astana_sergek
Нұр-Сұлтандағы сауда үйлерінің бірінде ер адам әйелін кепілге алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі елордалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
4 шілдеде сағат 17.06-да "102" арнасына "Тұлпар" сауда үйінде қару ұстаған ер адам әйелді кепілге алғаны туралы ақпарат түскен.
"47 жастағы ер адам ұсталды. Операция барысында зардап шеккендер жоқ. Шолақ мылтық алынды. Кепілдегі ер адамның әйелі екені анықталды. Оқиғаға ажырасу процесі себеп болған. Әйелге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр", - деді баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.