12 ақп, 2020 сағат 14:16

Нұр-Сұлтандағы пәтер өрті: 12 адам жараланып, 1 әйел мерт болды

Елордада көпқабатты үйде пәтер өртеніп, тұрғындар зардап шекті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 14:14-те «101» пультіне Күйші Дина 39/1 мекенжайындағы өрт туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетіп, екінші қабаттағы пәтердің жанып жатқанын анықтады. Өрттің жалпы аумағы 45 шаршы метрді құрады. Кіреберісте қою түтін болғандықтан құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға кірісіп кетті», - делінген ТЖД хабарламасында.

Өрт сөндіру кезінде баспалдақ пен құтқару маскасы арқылы жалпы 20 адам, оның ішінде 9 бала құтқарылды. Оқиғаның салдарынан түрлі жарақатпен ауруханаға алдын-ала болжам бойынша 12 адам жеткізілді, олардың 6-уы – балалар. Нақты зардап шеккендер саны анықталуда.

«Өкінішке қарай өрт сөндіру кезінде 4 қабаттан 1987 жылғы қыз баланың денесі табылды. Жалын сағат 14:37-те ауыздықталып, 14:41-де толығымен сөндірілді. Өрт сөндіруге 9 дана техника және 31 адам жұмылдырылды. Төтенше жағдайдың себебі анықталуда», - дейді департамент.