30 мам, 2022 сағат 13:11

Жалған ақша ұстаған және сатқан бір топ адам сотталды - ҚМА


Қаржылық мониторинг агенттігінің елорда департаменті 54 850 АҚШ доллары көлемінде жалған ақша ұстаған және сатқан бір топ адамға қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жасанды банкноттар елорданың валюта айырбастау пункттері арқылы, банкоматтарда жеке шоттарды толтыру, сондай-ақ OLIMPBET букмекерлік кеңсесіндегі жеке шоттарға салу арқылы айналымға тартылды.

Сот үкімімен азаматтар А.А.Жомарт, И.Х.Чекиев, Р.А.Иманбаев, Төлеутай Б.Е. шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды" - делінген хабарламада.

Жалған ақша белгілері анықталған жағдайда дереу сенім телефонына хабарлаңыз.

Жасанды банкноттарды анықтау қылмыс болып табылмайды, алайда, жалған ақша белгілерін сату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.