16 мау, 2022 сағат 13:35

Нұр-Сұлтандағы әуежай бір ай түнде ғана жұмыс істейді

© Sputnik / Абзал Калиев

Келесі айдан бастап Нұр-Сұлтандағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты ұшақтар түнде қана қона алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Азаматтық авиация комитеті таратқан мәліметке сәйкес, жөндеу жұмыстары 15 шілде мен 8 тамыз аралығында күндіз жүргізіледі.

Ал түнде рейстерді қабылдау және ұшыру шаралары атқарылады.

"15 шілде мен 8 тамыз аралығында сағат 11:00-ден бастап 18:00-ге дейін Нұр-Сұлтандағы әуежайда ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарын жүргізіледі", - делінген ресми хабарламада.

Комитет мамандарының айтуынша, ақпан айында әуе компанияларына тиісті ақпарат берілді. Осыдан кейін ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарына қарай рейстердің кестесіне түзету енгізілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік күзет қызметі мен "Бүркіт" әуе компаниясына ақпарат берілді. Осы ұйым мемлекет басшысына қызмет көрсетеді.