24 қыр, 2019 сағат 14:47

Нұр-Сұлтанда жүк көлігі мен автобус соқтығысып, 22 адам зардап шекті

Нұр-Сұлтанда жүк көлігі мен автобус соқтығысып, қоғамдық көліктің 22 жолаушысы және жүргізушісі зардап шекті. Бұл туралы астананың полиция департаменті хабарлады.

Оқиға 23 қыркүйекте қаладағы А-187 көшесі мен Мұстафа Кемал Ататүрік даңғылының қиылысында болған. Полиция департаментінің хабарлауынша, жүк көлігінің жүргізушісі көліктерді өткізбей жолды бөгеп, кейін автобуспен соқтығысқан.

Желіде тараған видеода автобустың алдыңғы жағы сынғаны байқалады. Департамент 22 жолаушыға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілген. Ал автобус жүргізушісі ауруханаға жатқызылған. Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды.