Фото:elements.envato.com
Нұр-Сұлтан қаласында 18 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. Жеңіс күніне орай оларға бір миллион теңгеден беріледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бүгінде елордада 18 ардагер тұрады, олардың ең үлкені - 102 жаста, ең кішісі - 96 жаста. 9 мамырда Жеңіс күніне орай олар 1 миллион теңге (1 013 060 теңге) мөлшерінде біржолғы төлем алады.
Жеңілдіктер бойынша Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлеріне теңестірілгендер, ЧАЭС қатысушылары мен мүгедектерінен басқалары 111 300 теңгеден алады. Барлығы 410 адам, оның ішінде - Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қызмет еткен әскери қызметшілер, фашистік Германияға қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар, Ленинградта блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, жаралануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер", - делінген хабарламада.
Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінен басқа) - Тәжік-Ауған учаскесінде міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгерлік операцияға қатысқан, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге - 63 600 теңге мөлшерінде төлемдер көзделген. Елордада осы тізімге жататын 810 адам бар.