Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы ("Пара алу") бойынша соталды тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы дерек бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы ұсталды, оған қатысты қолданылған бұлтартпау шарасы – қамауға алу. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді ТЖМ баспасөз қызметі.