Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер емханалар, сот ғимарттары, қонақүй мен сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған, - деп жазады "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"23 тамыз сағат 03:50-де "102" арнасына авиациялық қауіпсіздік инспекторы хабарласып, Әуежайдың электрондық поштасына елордалық соттардың ғимараттарына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскенін айтқан.
Сағат 09:11-де Нұр-Сұлтандағы "Park INN" қонақ үйінің, емханалардың, сондай-ақ "Mega Silk Way" СОО-ның ғимараттарында бомба жасыру фактісі туралы хабарламалар келіп түсті" - делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары тексеру жүргізді. Жарылғыш зат табылған жоқ.