Нұр-Сұлтанда қатты желден мұнара краны құлады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2022 жылғы 13 маусым күні сағат 18:20 шамасында Есіл ауданы Төле би көшесінде салынып жатқан "Sen" тұрғын үй кешені құрылыс объектісінде мұнара краны құлады. КБ-405 мұнара краны"НЕОТЕХ" ЖШС-не тиесілі. Дауылды ескертуге байланысты бүгін осы объектінің жұмысы тоқтатылып, кран бөлшектеуге дайындалған болатын", - делінген хабарламада.
Ведомоствоның мәліметінше, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ