Нұр-Сұлтанда медициналық бұйымдарды жоғары бағамен сатудың 38 жағдайы анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасының деректеріне сілтеме жасап.
Карантин жарияланған уақыттан бері қалалық прокуратураның мобильдік топтары елордада 10 мыңнан астам медициналық маскалар мен 3 тоннадан астам антисептиктерді жоғары бағамен заңсыз судалаудың 38 фактісін анықтады.
Одан басқа, рейдтік іс-шаралар мен төтенше жағдай талаптарыныың бұзылуы бойынша 48 факті анықталды.
Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан және төтенше жағдай тәртібін бұзған тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды, тәркіленген заттар бөліп таратылу үшін қала әкімшілігіне беріледі.
«Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді»,-делінген қалалық прокуратураның баспасөз-баянында.