17 мау, 2019 сағат 10:07

Нұр-Сұлтанда латын әліпбиін оқыту курстары басталды

Биыл маусым-қараша айлары аралығында әртүрлі мекемелерде оқу курстары ұйымдастырылады. Аталған курс Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қала әкімдігінің бекіткен «Латын графикасында оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру курсы» атты жобасы аясында жүзеге асырылмақ.

Курстың мақсаты - тыңдаушыларға жаңа қазақ әліпбиінің құрылымы мен сипаттамасын, қазіргі айтылым және жазылым нормаларын үйрету.

Қалалық мемлекеттік мекемелер мен құрылымдық мекемелердің қызметкерлеріне арналған оқу курсы 10 маусымда «Руханият» КММ латын әліпбиі кабинетінде басталып, қазақ тілі оқыту курсының 50 тыңдаушысы 10-14 маусым аралығында курстан өтті.

Курстың лекторлары - Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығынан «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық тренерлер дәріс-курсынан өткен «Руханият» КММ мамандары Гүлден Махметова мен Сағым Естемісова.