11 мау, 2019 сағат 14:42

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлікте жолақыны төлеудің жаңа түрі енгізіледі

Елордалықтар қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын kaspi.kz қосымшасы арқылы төлей алады. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары 12 маусымнан бастап автобус жолақысын kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы төлей алады.

«Біздің жаңалығымыз бар! 12 маусымнан бастап қоғамдық көлікте жолақы төлеудің тағы бір жүйесі енгізілді. Енді kaspi.kz арқылы автобуста жолақысын төлеуге болады. Ол үшін kaspi.kz мобильдік қосымшасында автобустың ішіндегі көліктің кодын теру керек», - делінген компанияның хабарламасында.

Бұған дейін қоғамдық көлік жолаушылары жолақысын 5 түрлі әдіс бойынша төлейтін: қолма қол ақшамен төлеп, бірреттік билет алу арқылы; транспорттық карта арқылы; SMS арқылы; QR-код арқылы және банк картасы арқылы мобильдік қосымшаны пайдалану.