Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz
Нұр-Сұлтанда екі бала өзенге батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 мамырда сағат 12.50-де 112 пультіне Есіл өзенінде Бейсеков көшесіндегі көпір маңында екі бала суға батып кеткені туралы хабарлама түсті.
"Сүңгуір отряды өзен түбінен кәмелетке толмаған бір ұл баланың мәйітін тапты, содан кейін бірнеше минуттан соң екінші бала табылды. Полиция департаменті балалардың кім екенін анықтап жатыр", - деп хабарлады қалалық ТЖД өкілдері.