29 мау, 2022 сағат 10:20

Нұр-Сұлтанда айналымы 10 миллион теңге заңсыз терминалдар анықталды


Елорда дүкендерінде 10 миллион теңге айналымы бар заңсыз терминал анықталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті рұқсат беру құжаттарынсыз ойын терминалдарын орнатып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша елорданың екі тұрғынына қатысты қылмыстық істі аяқтады.

"Заңсыз айналымнан елорда дүкендерінде орналасқан 800 000 теңге сомасында ақша қаражаты бар 23 ойын терминалы алынды. Осы ойын терминалдарын орналастырудан заңсыз кіріс сомасы 10 216 000 теңгені құрады", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, күдіктілерге мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.