18 қаз, 2019 сағат 11:47

Нұр-Сұлтанда аудан әкімінің орынбасарына үкім шықты (Видео)

Нұр-Сұлтанда аудан әкімінің орынбасарына үкім шықты. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің ақпаратына сәйкес, Тілеуов 5 миллион теңге көлеміндегі пара алды деген күдікке іліккен. Ол ақшаны "Алматы" ауданын жарықтандыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік сатып алулар келісіміне қол қойғаны үшін алған.

"17 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы №2 аудандық соты үкім шығарды. Тілеуов пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 3 жылға сотталды. Сондай-ақ, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі.

Бұған дейін шенеунік парамен ұсталған кездегі видео жарияланған болатын.

Ведомство пара берген "Лайн Групп" ЖШС мен "Ақжайық Энерго" ЖШС директоры Бауыржан Әбдиев те қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.