Нұр-Сұлтан қаласында жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Халықты жұмыспен қамту орталығынан мәлім еткендей, жалпықалалық жәрмеңке 28 тамыз күні «Жастар» сарайында сағат 10:00-13:00 аралығында өтеді. Шараға 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.
«Іс-шараның мақсаты оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту, жалпы жастарды еңбекке орналастыру, мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпараттандыру болып табылады», - деді орталықтан.