Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету прокуратура органдары қызметінің басым бағыты болып табылады.
Бұл жұмыс уәкілетті мемлекеттік органдарға қатысты тексерулер жүргізу және олардың қызметін талдау арқылы жүзеге асырылады.
Жедел шаралардың бірі - кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің әртүрлі бұзушылықтарын тұрақты негізде анықтайтын арнайы мобильді топтар құру.
Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 600-дан астам бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғады.
Мысалы, мобильдік топқа кәсіпкерге қатысты мемлекеттік кірістер органымен заңсыз тексеруі туралы сигналы қабылданды. Нәтижесімен өтініш берушінің уәждері расталып, заңсыз тексеру тоқтатылды.
Басқа жағдайда мобильді топпен бизнес субъектісіне қатысты заңсыз қозғалған қылмыстық істі тоқтату бойынша шаралар қабылданды.
Қолданыстағы заңнаманы бұзудың жарқын мысалдарының бірі ретінде мемлекеттік органмен мемлекеттік сатып алу шарттарының көмегімен 258 бизнес субъектісіне қатысты тексеру жүргізуге өзіне тән емес өкілеттіктер беру фактісін жатқызуға болады. Қадағалау актісінің нәтижесімен шарттардың ережелері өзгертіліп, аталған құқық алынып тасталды.
Сондай-ақ елордалық прокуратурамен кейбір мемлекеттік органдардың бизнес субъектілеріне қатысты тексеру тағайындау туралы актісіз, құжаттарды талап ету бойынша заңсыз тәжірибесінің де жолы кесілді.
Құрметті кәсіпкерлер, егер сіз заңсыз тексерулерге немесе сіздің қызметіңізге араласуға немесе мемлекеттік органдар тарапынан өзге де қысымға тап болсаңыз, онда 71-24-45, 8-747-216-15-58 телефондары арқылы хабарласуыңызға болады.