Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Нұр-Сұлтанда "Арқар" көпіріндегі жол төсемін жөндеу жұмыстары басталды. Соған байланысты 15 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында көпір ішінара жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.
Жөндеу жұмыстарына байланысты көпірдің екі бөлігін жабу жоспарланып отырғаны хабарланды:
- 15 тамыз бен 24 тамыз аралығында – Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесі қиылысындағы жолайрықтан (Қошқарбаев көшесі бағытында) Қошқарбаев даңғылына дейін;
- 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында – Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесі қиылысындағы жолайрықтан (Қошқарбаев көшесі бағытында) Сарайшық көшесіне дейін.
Қала тұрғындары мен қонақтарына жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.