Елордада жастар 5-15 мың теңге аралығындағы сомаға пәтер жалдап тұра алады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қатысушылардан мынаны ескеруді сұраймын: әр отбасының құрамы әр түрлі, сондықтан мәртебесі де әрқалай болмақ. Көпбалалы болсаңыз да, үш бөлмелі пәтердің берілмейтінін, тек бір және екі бөлмелілер таратылатыны ескеру керек. Тұрғын үй сатып алу, ұзарту құқығынсыз бес жылға беріледі. Яғни, бес жылдан кейін біз сізден осы тұрғын үйді босатуды сұрауға мәжбүр боламыз, өйткені біз бұл пәтерлерді басқа жастарға береміз. Баспаналардың жалдайтын ақысы айына 5-тен 15 мың теңгеге дейін болады. Бәрі де үйдің шаршы метріне байланысты. Біз дайын тізімді осы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей орналастырамыз. Баспаналар желтоқсан айында беріле бастайды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тұрғын үй қорының директоры Нұрсұлу Қожахметова елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетсек, 5-10 қараша аралығында елордада жұмыс істейтін жастардан сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер бойынша өтініш қабылданады.