14 нау, 2020 сағат 15:07

Нұр-Сұлтан қаласында азық-түлік қоры жеткілікті

Елордада азық-түлік қоры жеткілікті. Бағаны тұрақтандыру бойынша 2 бағытта жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, тұрақтандыру қоры құрылған, сауда желілерін жеңілдікпен несиелендіру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. «Айналым схемасы» жобасына «Magnum», «Астықжан», «Кенмарт», «Small», «Шапағат», «Еуразия», «Артем», «Биг Шанхай» сияқты сауда орындары қатысады, сондай-ақ ет пен жарма бойынша жеткізушілер анықталды. Дүрлігуге себеп жоқ, азық - түлік жеткілікті мөлшерде.

Сондай-ақ, әлеуметтік нан бағасын ұстап тұру мәселесі қарастырылды. Тұрақтандыру қорының ұн қоры толықтырылып, қаланың наубайханаларына қолдау көрсетілуде.

Бұған қоса ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу бағаны ұстап тұруға және өнімді нарықтық бағадан төмен сатуға мүмкіндік береді. Жәрмеңкелер маусымы «Аспан базар» сауда үйінде басталды және сәуір айына дейін әр сенбі мен жексенбі күндері ұйымдастырылады.