Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі 3 желтоқсан күні тіркелген оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«3 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында жоспарлы оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкері қаруды дұрыс пайдаланбай, абайсызда оқ атып алды. Оқиға салдарынан аталмыш қызметтің үш адамы жарақат алды. Біреуі ауруханаға жатудан бас тартты. Екеуі орта дәрежеде жарақат алған. Қазір олар Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық ұйымда ем алып жатыр», - деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Іс көліктегі полиция органының бақылауында.
Еске сала кетсек, бұған дейін елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында оқ атылғаны туралы ақпарат тарап, оны көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі растаған болатын.