Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі – қала әкімдігінің баспасөз хатшысы қызметіне Ақмарал Олжабаева тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.
«Әріптестер, достар! Сіздермен жаңалығымды бөліскім келіп отыр. Бүгіннен бастап мен әкімдіктің баспасөз қызметінің жетекшісі – қала әкімдігінің баспасөз хатшысымын. БАҚ саласы бойынша телеарналарда да, ақпараттық агенттіктерде де жұмыс істедім. Әкімдіктің баспасөз қызметінде жұмыс істеу мен үшін зор жауапкершілік, әрі мәртебе. Менің байланыс нөмірім – 8702 693 72 74. Кез келген уақытта хабарласыңыздар, біздің баспасөз қызметіміз бәріңіз үшін ашық! Бірлесе жемісті жұмыс жасауға біз дайынбыз!», - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Ақмарал Олжабаева бұған дейін «BNews» ақпараттық агенттігінің бас редакторы қызметін атқарған болатын.