30 қыр, 2019 сағат 11:34

Nur Otan партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

«Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Саяси кеңестің аймақтық бюросының ұсынысымен «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Эльдар Күзенбаев тағайындалды.

Э.Қ.Күзенбаев 1982 жылы туған. Құқықтану мамандығы бойынша Қостанай мемлекеттік университетін және Қостанай инженерлік-экономикалық университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Қостанай облысы Қарабалық және Қостанай аудандарында әділет басқармасының басшысы, Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары, Сарыкөл ауданының әкімі болды. 2018 жылдың шілде айынан бастап Э.Күзенбаев Арқалық қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы қызметтерін атқарды.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның жұмысын жандандыру және кадрларды жаңарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бұған дейін Ерлан Каналимов Нұр-Сұлтан қаласындағы партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын. Сондай-ақ, Түркістан және Батыс Қазақстан, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарындағы филиал төрағасының бірінші орынбасарлары да ауысты.