17 қар, 2021 сағат 21:50

Нөмірсіз көлік азаматтығы жоқ адам секілді – Дәурен Абаев ресейлік көліктер туралы


ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев ресейлік нөмірмен жүрген 88 мың көлікке қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда кенеттен Ресейдің ресми есебінен шығарылған және Қазақстанда есепке қойылмаған 88 мың автомобиль анықталды. Осылайша, олар еш жерге тіркелмеген. Тексеру басталғанда мұндай көлік иелері митингіге шығып, утилизация алымын тоқтатуды талап ете бастады», - деді журналист «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында. 

«Қазақстанда да, Ресейде де тіркелмеген ресейлік нөмірлі автокөліктер – іс жүзінде нөмірі жоқ авто. Бұл азаматтығы жоқ адам сияқты. Осындай көптеген көлік иелерін тиісті юрисдикциялардың болмауы еркімен жіберді. Бүкіл ел бойынша 1,5 мыңға жуық апат, 200-ден астам адам қаза тапты, ондаған мың бұзушылық болды және ешқандай айыппұл төленбеді. Бұл қоғамның осы бұлыңғыр схема үшін төлеген өтемі. Әрине, көптеген адамдар бұл тақырыпқа бас ауыртқысы келмейді, тек Құдай сақтасын, жолда осындай жүргізушіге тап болса ғана ойлай бастайды», - деді Дәурен Абаев.