21 қыр, 2022 сағат 16:10

Неміс полициясы Әлішер Усмановтың мүлкін тінтіп жатыр - БАҚ


Олигарх Әлішер Усмановтың Германиядағы үйлері, вилласы тінтіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bayerischer Rundfunk басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ресей-өзбек олигархы миллиондаған еуро салық төлемеді деген күдікке ілінген.

"Ресейлік өзбек олигархы Әлішер Усмановтың Германиядағы үйлері тінтіліп жатыр. Өйткені ол 2016 жылдан бері Роттах-Эгерндегі үйінде тұрақты және ұзақ уақыт тұрған, бірақ салық төлемеген. Мюнхен прокуроры оны салық төлеуден жалтарды деп күдіктеніп тінту жүргізген", - деп жазады басылым.

2022 жылғы Forbes деректері бойынша Усмановтың байлығы 14,6 миллиард долларға бағаланады.