04 ақп, 2017 сағат 10:58

Назарбаевтан сын естіген "СК-Фармация" басшысы отставкаға кетті

"СК-Фармация" жетекшісі отставкаға кетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысының барысында мәлімдеді.

"Елжан Амантайұлы, Мемлекет басшысы алдыңызға міндеттер қойды. Бірінші кезекте ұзақ мерзім негізінде отандық өндірушілерден дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді сатып алуды өсіру бойынша нақты шешім қабылдау. Сатып алу процедурасының ашықтығын қамтамасыз ету. Айтпақшы, кадр мәселелері бойынша Президенттің тапсырмасын орындадыңыздар ма?", - деп сұрақ қойды Қазақстан премьер-министрі Бағытжан Сағынтаев денсаулық сақтау министріне.

"Жалпы алғанда, шешім қабылданып қойды, процедуралық келісімдер қалды", - деп жауап берді Елжан Біртанов.

"Нақты қандай шешім қабылданды?", - деп сұрақ қойды премьер.

"СК-Фармация" бірінші жетекшісінен өтініш қабылданды, "СК-Фармация жетекшісі қызметінен шеттетілді", - деп жауап қатты министр.

Айта кетейік, "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы болып 2015 жылдың 16 қыркүйегінде Нұржан Әлібаев тағайындалған еді.

Еске салайық, 3 ақпанда Президенттің қатысуымен өткен үкімет отырысы барысында 2016 жылдың қорытындысы шығарылып, 2017 жылға үкіметтің жұмыс жоспары анықталған, сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша тапсырмалар берілген. 

Нақтырақ айтқанда, Президент денсаулық сақтау министріне медицинадағы тәртіпсіздіктерді жоюды, "СК-Фармация компаниясының қызметкерлерін қуып шығу және жаңа құрам алуды тапсырған болатын. Орындарынан қозлғата алмайтын адамдар отыр", - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.