17 қар, 2021 сағат 20:51

Назарбаев Түркияның экс-Президенті Абдулла Гүлмен кездесті


ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Абдулла Гүлмен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Елбасы А.Гүлге «Астана клубының» жұмысына белсене қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

«Сіз отырыста жақсы сөйледіңіз. Мен сіздің идеяларыңызды қолдаймын. Кезінде біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, экономикалық интеграцияны дамыту жолында көп жұмыс атқардық. Бұл іс қазір де жалғасып жатыр», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

А.Гүл «Астана клубы» отырысының аясында жаһандық күн тәртібі мәселелерін талқылаудың өзектілігіне тоқталып, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үлкен Еуразия» құрлығында ынтымақтастық пен қауіпсіздікті нығайту ісіндегі маңызды рөлін атап өтті.