Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі түрмелер санының азаю себебін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сәуле Мектепбаева да (форумда сөз сөйлеген спикер) мені алаңдататын түрмедегі адамдардың санын азайту мәселесін көтерді. Бұл ретте мемлекеттің жұмысын ерекше атап өту керек. Яғни, мемлекет әрбір қылмыс үшін жазаны түрмеде отырғызу тұрғысында заңды өзгертті. Біз білетіндей, түрмеден адамның қандай болып шығатыны белгілі... Біз ол жерде адамды тәрбиелеудің орнына, басқа бағытқа итермелейміз. Міне, сондықтан бизнестегі заң бұзушылықтар мен шағын қылмыстар үшін ақшамен жазалау керек. Біз заңнаманы осылай өзгертудің арқасында түрмедегілердің саны азайды. Жұмыстарды жалғастыру керек. Осының арқасында қаншама түрмелер, қалған түрмелерді осының арқасында жөндеуден өткізуге де мүмкіндік туды», - деді Елбасы Астанада өтіп жатқан Азаматтық форум барысында.
Мемлекет басшысы өз сөзінде экстремистер мен террористерді сүрініп кеткен жастармен отырғызу дұрыс емес екенін атап өтті.
Еске сала кетсек, бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен VIII Азаматтық форумы өтіп жатыр. Екі күндік шараға үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың, бизнес қауымдастықтың 850-ден астам өкілі, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысуда.