28 мау, 2018 сағат 12:54

Назарбаев ШҚО-да бекіре етін өндіретін кәсіпорынды аралап көрді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр, деп хабарлайды "Ұлт ақпаратАқорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында шығынсыз сумен қамтамасыз ету қондырғыларында бекіре тұқымдас балық өсіруге маманданған кәсіпорынға барды.

Нұрсұлтан Назарбаев балықтың осы тұқымынан уылдырық алудың технологиялық үдерісімен танысты.

«OstFish» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2022 жылға қарай жылына 45 тонна бекіре етін өндіріп, 4 тонна қара уылдырық алуды жоспарлап отыр.