23 қар, 2021 сағат 17:05

Назарбаев Nur Otan партиясындағы өкілеттігін Тоқаевқа береді


Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының Төрағасы өкілеттігін тапсыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Елбасының Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

«Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының Төрағасы өкілеттігін тапсыру туралы шешім қабылдай отырып, партияны ел Президенті басқаруы керектігін атап өтті. Өкілеттікті беру рәсімі партия жарғысына сай жүзеге асатын болады» делінген хабарламада.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойғаны хабарланған болатын.