23 қарашада Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Nur Otan партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 23 қарашада Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды", - деп жазды Бауыржан Байбек.
Бұған дейін партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы қарашада өтетіні хабарланды. Елбасы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдаған кезде отырыста парламент мәжілісі сайлауы мен ауыл әкімдерінің сайлауында көзге түскен партия белсенділерінің еңбегі аталып өтетінін жеткізді.
Айта кетері, саяси кеңес партия қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды, партия съездерін шақырады және басқа да мәселелерді шешеді.