Нұрсұлтан Назарбаев Жапония императоры Нарухитоның таққа отыру ресми салтанатты шарасында «White Tie» дресс-коды бойынша киінді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жапония императоры Нарухитоның таққа отыру ресми салтанатты шарасына қатысты. Жапон тарапы аталған шараға орай тиісінше дресс-код бекіткен еді. Делегация басшыларын қоса алғанда салтанатты шараның барлық қатысушылары «White Tie» дресс-коды бойынша киінуі тиіс болатын. Елбасы фракті бірінші рет киіп отырған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев барлық уақытта мұндай деңгейдегі шараларда бекітілген дресс-кодты ұстанады», - деп жазды ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасының Instagram-дағы парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэнің арнайы шақыруымен жапон императоры Нарухитоның таққа отыруына арналған ресми шараға қатысу үшін Токиоға келген болатын. Бүгін Елбасы Нарухитоның таққа отыруына арналған шараға қатысты.