Бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету - ол үлкен байлығымыз. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2019 жылғы жұмыстарға арналған Жолдауды бүгін жариялаймын. Біз тәуелсіздік жылдарында сіздермен бірге көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік, бұл - үлкен байлығымыз. Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық конституциялық және саяси реформалар жүргіздік. Қазақстанның халықаралық беделінің артуына оның өңірлегі геосаяси рөлін жоғарылату үшін елеулі жетістіктерге қол жеткіздік», - деді Президент.
Осы орайда Мемлекет басшысы өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ісіндегі жауапты әрі қалаулы халықаралық әріптес ретінде елімізді дүниежүзі танитынын атап өтті.
«Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған бірінші мемлекет болды. Біз тұңғыш рет ТМД мемлекеттері арасында ЕҚЫҰ кеңесін өткізіп, арнайы мәлімдеме қабылдадық. Мына ғасырда ешкім осындай жиынға қол жеткізген жоқ, 57 мемлекеттік басшылары жиналды», - деді ҚР Президенті.
Сонымен қатар Елбасы бүкіл әлемдегі ислам мемлекеттерінің басшыларын жинап, бірнеше рет Қазақстанда үлкен жиындар өткенін еске салып өтті.