12 қар, 2021 сағат 21:43

Назарбаев: Әзербайжанның аумақтық тұтастығын қайта орнатқаны - бәріміз үшін зор қуаныш


Түрікменстанның Түркі кеңесіне бақылаушы ел ретінде қосылуы формалды түрде түркі елдерінің басы біріккенін білдіреді. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарабев Түркі мемлекеттерінің ұйымы саммитіне жолдаған үндеуінде осындай пікір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттеріміз алдына өршіл ұлттық даму мақсатттарын қойып отыр. Президент Илхам Гейдароғлы Әлиевтің басшылығымен қарқынды дамып келе жатқан Әзербайжан өз аумағының тұтастығын қайта орнатуына 1 жыл толғанын атап өтті. Бұл - бәріміз үшін қуаныш. Қарабақта ауқымды қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Президент Садыр Жапаров республикада күрделі саяси реформалар жүргізуді қолға алып, Қырғызстанның 2026 жылға дейінгі ұлттық даму бағдарламасын орындауға кірісті. Президент Режеп Тайып Ердоған 2023 жылы Түркия Республикасының 100 жылдығы қарсаңында елін жаңа жетістіктерге жетелеп келеді. Президент Шавхат Мирзиеевті «Жаңа Өзбекстан стратегиясы» бағдарламасын ұсынып, жуырда өткен мемлекет басшысы сайлауында айқын жеңіске жетуімен тағы да шын жүректен құттықтаймын. Түрікменстан ел бейтараптығы мәртебесінің 25 жылдығын атап өтіп, Президент Гұрбанғұлы Бердімұхамедовтің басшылығымен 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жүзеге асыруда жалғастыруда», - деген Елбасы Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанға түркі әлеміне көрсетіп келе жатқан жан-жақты қолдауы үшін алғыс айтты.

«Президент Ғұрбанғұлы Бердімұхамедовті, бауырлас Түрікменстан халқын түркі кеңесіне бақылаушы ел ретінде қослуымен құттықтаймын. Бұл қадамның маңызы зор және формалды түрде түркі елдерінің бас бірігуін білдіреді», - деп қосты Нұрсұлтан Назарбаев.