18 нау, 2022 сағат 20:10

Наурыз қарсаңында мерекелік шараларға тыйым салынбайды – Ажар Ғиният


Наурыз қарсаңында мерекелік шараларға шектеу қойылмайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір эпидахуалдың жақсаруына байланысты барлық шектеу алынып тасталды. Енді бұрынғы ковидсіз өмірді қайта қалпына келтіру керек. Сондықтан барлық мерекелік шараларға шектеу қойылмайды», - деп жауап берді Ғиният орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында тілші сұрағына. 

Дегенмен, министр әр адам өз денсаулығын ойлауы керегін, ауырып жүргендер ерікті түрде оқшаулануы қажеттігін айтты. 

«ЖРВИ немесе қандай да бір тұмаумен ауырып жүргендер адам көп жиналатын орындарға бармағаны дұрыс», - деді Ажар Ғиният.