Наурыз айындағы инфляциялық үрдістерге шолу жасаған ҚР Ұлттық банкі жыл басынан бері наурыз айында елімізде ең жоғары инфляция тіркелгенін жазды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлттықбанк дерегі бойынша, наурызда айлық инфляция 3,7% деңгейінде, жылдық ифнляция 12% деңгейінде қалыптасты. Бағаның өсуі инфляция компоненттерінің бүкіл өлшемдері бойынша байқалған.
«2022 жылғы наурызда тұтыну бағалары 3,7%-ға өсіп, 1996 жылдан бастап осы ай үшін ең жоғары мәнді көрсетті. Жылдық мәнде бағаның 12%-ға дейін өсуінің жеделдеуі байқалды (2022 жылғы ақпанда – 8,7%). 2022 жылғы наурызда азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жылдық мәнде 15,4%-ға дейін жеделдеді (2022 жылғы ақпанда – 10%)», -деп жазады Ұлттық банк мамандары.
Ал азық-түлік емес тауарлардың жылдық инфляциясы 10,9%-ға дейін жеделдеген.
«Теңге бағамының әлсіреуі тауарлардың барлық топтары бойынша бағаның өсуіне әсер етті. Микрочиптердің жетіспеушілігі аясында автомобильдердің құны өсті. Импорттық бағаның өсуіне байланысты киім мен аяқ киім мен дәрі-дәрмек бағасының өсуі жеделдеді», - деп жазылған Ұлттық банк мәліметінде.
Ал ақылы қызметтер бағасының жылдық өсу қарқыны 2022 жылғы наурызда 8,3%-ға дейін (2022 жылдамдаған.