08 жел, 2022 сағат 12:17

Нариман Төреғалиевтің өкілеті тоқтатылды


Парламент Сенатының отырысында БҚО әкімі болып тағайындалған сенатор Нариман Төреғалиевтің өкілеті тоқтатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша, Нариман Төреғалиев БҚО әкімі болып тағайындалды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына сәйкес Сенат депутаты Төреғалиевтің өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін осы ұсынысты мерзімінен бұрын ұсынамыз", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.

Еске салайық, Батыс Қазақстан облысының жаңа әкімі болып Нариман Төреғалиев тағайындалды. Ол 2017 жылы алтыншы шақырылымдағы Парламент Сенатының депутаты болып сайланып, Сенаттың тұрақты комиссиясының хатшысы болды.